Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Астана" бас бапкерін ауыстырды

Редактор Penalty.kz
26.06.2025, 15:36

"Астана" баскетбол клубының тізгінін литвалық маман Рамунас Цвирка ұстады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.

фото ашық дереккөздерден алынды
Реклама
Реклама

Цвирканың мансабы

Рамунас Цвирка кәсіби бапкерлік жолын 2004 жылы бастаған. Оның бапкерлік жолындағы алғашқы ірі жетістігі — 2008 жылы украиналық "Азовмаш" клубымен ел чемпионы атанып, Украина кубогын иеленуі. Бұдан кейін ресейлік "Химки-2" жастар командасымен жұмыс істеп, ВТБ лигасы мен EYBL U20 турнирлерінде жеңіске жеткен.

Цвирка 2018 жылы Литваның "Невежис" клубын Еурокубоктың ТОП-16 кезеңіне алып шықты.

Литвалық маман Қазақстанда өзін танытып үлгерді. Ол 2023/24 маусымында "Астананы" ел чемпионы қылса, 2024/25 маусымында күміс жүлдегер болды. Сонымен қатар екі рет Қазақстандағы жылдың үздік жаттықтырушысы болып танылған.

Жаңа штаб: тәжірибе мен жасампаздық үйлесімі

Жаңа маусымда Цвиркаға көмектесетін екі ассистент жаттықтырушы тағайындалды:

Дайнюс Шаленга (Литва)

  • 2003 жылғы Еуропа чемпионы
  • ФИБА шақыру кубогының иегері
  • Кәсіби ойыншы ретінде "Жальгирис", "Акасвае" (Жирона), "Будивельник" секілді клубтарда ойнаған
  • 2019 жылдан бастап жаттықтырушылық қызмет атқарады: CBET, Pieno Zvaigzdes

Антон Пономарёв (Қазақстан)

  • Қазақ баскетболының аңызы
  • "Астана" мен "Спартак-Приморьеде" ойнаған
  • Бірнеше рет Қазақстан чемпионы атанған 
  • Білімі мен тәжірибесін енді бапкер ретінде бөліспек
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары