Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ақтөбеде көрші қызды құтқарамын деп мерт болған спортшының отбасы көмекке зәру

Редактор Penalty.kz
26.06.2025, 21:50

Алты баланың әкесі, спортшы Нұрбол Бердіғалиев құдыққа құлаған баланы құтқарамын деп қаза тапты. Жесірі мен балалары көмекке мұқтаж.

Нұрбол Бердіғалиев жанұясының архивінен
Нұрбол Бердіғалиев жанұясының архивінен

Қайсарлықтың үлгісі

17 маусымда Жарлы ауылында 9 жасар қызды құтқаруға тырысып, құдыққа түсіп қаза тапқан 38 жастағы жаттықтырушы Нұрбол Бердіғалиевтің артында алты баласы мен жесірі қалды. Батырлықпен қаза тапқан спортшының отбасы бүгінгі күні жалғыз табыс көзі – 94 мың теңге жәрдемақымен күн кешіп отыр.

Марқұмның жұбайы Ақбаян Бақтыбайдың айтуынша, Нұрбол – еңбекқор, мейірімді әке, жауапты отағасы болған.

"Ол үйге тек түскі асқа бір келіп кететін. Қалған уақытын жұмысына, жаттығуға арнайтын. Балаларымызды қатты жақсы көретін, тәрбиесіне көп көңіл бөлетін. Әке ретінде де, тәлімгер ретінде де өте жанашыр адам еді", – дейді Ақбаян.

ФОТО: Нұрбол Бердіғалиев жанұясының архивінен

12 жыл отасқан ерлі-зайыптының балалары бүгінде 11, 10, 7, 6 және 3 жаста, кенжесі небәрі 5 айлық сәби.

Қарапайым жаттықтырушы – нағыз тәлімгер

Нұрбол Бердіғалиев тек жаттықтырушы емес, шәкірттеріне тірек бола білген нағыз жанашыр еді. Оның шәкірттері жарыстарда жеңіске жеткен сайын демеушілер іздеп, оларға барынша қолдау көрсетуге тырысатын.

"Мен кейде "уақытыңды шәкірттеріңе тым көп арнайсың" деп айтатынмын. Сонда ол: "Олардың жеңісі – менің жемісім", – дейтін," – деп еске алады жары.

ФОТО: Нұрбол Бердіғалиев жанұясының архивінен

Жалғыздық пен ипотекалық жүк

Бердіғалиевтер отбасы 2019 жылы мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы алған. Үй толық төленбей, әлі мемлекет меншігінде.

"Күйеуім төлемдерді соңғы күніне дейін өзі реттеп жүретін. Енді мен алты баламен жалғыз қалдым. Үйдің болашағына алаңдаймын", – дейді Ақбаян.

Жоспарлар үзілген тағдыр

Ақбаянның айтуынша, олар болашақта шағын бизнес ашуды жоспарлаған. Жолдасы оған арнайы асхана салып берген.

"Фастфуд әзірлеп сату – сүйікті ісім еді. Қазір кішкентай балам болғандықтан бәрі тоқтап тұр. Нұрбол мені әрдайым қолдайтын," – дейді жесірі.

Қайырымды қауымға үндеу

Қазір бұл отбасы мемлекеттің шағын көмегімен ғана күн көріп отыр. Басқа табыс көзі жоқ. Алты баламен жалғыз қалған ана қоғамнан қолдау күтеді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір