Реклама
Реклама

Сәбина Алтынбекова Қазақстанда қай клубтың намысын қорғайды?

Сарапшы, спорт журналисі
12.08.2025, 20:40

Қазақстанның ең танымал волейболшысы Сәбина Алтынбекова жаңа маусымды өз елінде өткізбек. 

instagram/@altynbekova_20

"Астана" волейбол клубында өнер көрсетеді

28 жастағы спортшы алдағы маусымда елордалық "Астана" волейбол клубының намысын қорғайды. Сәбина өткен маусым алдындағы дайындық кезеңінде де "Астанамен" бірге жаттығып, кейін Индонезия чемпионатына ойнауға кеткен.

Шетелдік тәжірибе және жетістіктері

Алтынбекова бұған дейін бірнеше жыл бойы БАӘ-нің "Аль-Васл" клубында өнер көрсетіп, Араб лигасының чемпионы атанды. Ал өткен маусымда Индонезия біріншілігінде бақ сынап, халықаралық тәжірибесін толықтырды.

Соңғы қазақстандық клубы

Сәбинаның Қазақстандағы соңғы командасы ВК "Алматы" болған. Ол бұл клубта 2019 жылы ойнады.

Сәбина Алтынбекованың елге оралуы қазақстандық волейбол жанкүйерлерін қуантары сөзсіз. Алдағы маусымда ол елордалық клубпен бірге жаңа белестерді бағындыруды мақсат етеді.

Реклама
Реклама