Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақ таеквондошылары халықаралық турнирде 10 "алтын" алды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:43

Kazakhstan Open-2025 халықаралық турнирінің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 10 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте сенімді көш бастады.

sportinside.kz
Реклама
Реклама

Астана қаласында өтіп жатқан Kazakhstan Open-2025 G1 санатындағы ірі халықаралық рейтингілік турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы тамаша нәтиже көрсетті. Жарыстың ересектер арасындағы кезеңінде ел спортшылары жалпы 38 медальға қол жеткізсе, оның 10-ы — алтын.

Алтын жүлде иегерлері

Чемпион атанған спортшылар:

  • Еркебұлан Енсегенов (54 кг)
  • Жавохирхан Исламов (58 кг)
  • Нұрбек Ғазез (68 кг)
  • Бекасыл Ергеш (74 кг)
  • Батырхан Төлеуғали (80 кг)
  • Бейбарыс Қаблан (+87 кг)
  • Айдана Құмартаева (46 кг)
  • Нодира Ахмедова (53 кг)
  • Нұрай Құсайынова (67 кг)
  • Назым Махмудова (73 кг)

Күміс жүлде иегерлері

Күміс медаль еншілегендер қатарында Бекзод Қадырқұлов, Елдос Ысқақ, Самирхон Абабакиров, Ерасыл Орынбасар, Абдурахман Марипов, Тоғжан Өмірзақ, Рита Бақышева, Әзиза Қаражанова, Мария Севостьянова, Айша Әділбекқызы, Аяжан Сапархан және Меруерт Тікебаева бар.

Қола жүлдеге Әзірет Дүйсенбек, Теміржан Тасқын, Асқар Өтеген, Изият Хасанов, Нұрқанат Қожахмет, Бауыржан Хасенов, Тәнжұлдыз Тұрымбетова, Нұрай Бауыржанова, Айдана Сүндетбай, Әльмира Қанат, Камила Аймукашева, Аида Тәукенова, Бексұлу Қолбаева, Дария Манасқызы, Евгения Каимова және Ақсәуле Ерқасымова ие болды.

Алда – кадеттер мен жасөспірімдер жарысы

Турнирдің алдағы екі күнінде кадеттер мен жасөспірімдер өзара сынға түседі. Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтуде.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары