Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Әйгілі шахматшы Магнус Карлсен жеңілістен кейін ашуға булықты

Сарапшы, спорт журналисі
28.12.2025, 15:24

Шахматтан Дохада өтіп жатқан 2025 жылғы рапидтен әлем чемпионатында норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен алғашқы рет жеңіліп, ойыннан кейінгі әрекетімен жұрт назарын аударды.

sport.de
Реклама
Реклама

Карлсен кімге есе жіберді?

Алғашқы алты партиядан кейін Карлсен жеңіліссіз жүріп, көшбасшылар тобында болды. Алайда 7-турда ол ресейлік шахматшы Владислав Артемьевтен ұтылды.

Матч аяқталысымен Карлсен қарсыласының қолын жылдам қысып, залдан асығыс шығып кеткен. Ең көп айтылған тұс — норвегиялық спортшының тақтадағы фигураларды орнына келтірмей кетуі. Бұл шахматта этикетке сай емес қылық саналады.

Бұдан бөлек, холлда ол түсірілім жасап тұрған операторға қолын сілтеп, байқамай (не әдейі) камераға қолы тиіп кеткен сәт те видеоға түсіп қалған.

Екі күннен кейінгі турнир кестесі

Жеңілістен соң Карлсен тағы екі партияда жеңіске жетіп, күнді 9 мүмкін ұпайдың 7-уімен аяқтады.

Қазіргі көрсеткіштер:

  • Владислав Артемьев — 7,5 ұпай (көш бастап тұр)
  • Ханс Ниманн (АҚШ) — 7,5 ұпай
  • Магнус Карлсен, Нодирбек Абдусатторов (Өзбекстан), Алексей Сарана (Сербия) және 14 жастағы түрік талант Ягыз Каан Эрдогмуш — 7 ұпайдан

Қазақстандықтардың нәтижесі қандай?

Екі ойын күнінен кейін қазақстандық шахматшылар арасында ең жоғары ұпай жинағандар:

  • Ринат Жұмабаев — 5,5 ұпай
  • Қазыбек Нөгербек — 5,5 ұпай

Екеуі де әзірге үздік 70 қатарына кіріп тұр.

Әйелдер арасындағы жағдай

Әйелдер турнирінде аралық көшбасшылықты:

  • Хампи Конеру (Үндістан) және
  • Чжу Цзиньэр (Қытай)
  • 8 турдан кейін 6,5 ұпаймен бөлісіп тұр.

Қазақстандық шахматшылардан:

  • Алуа Нұрман, Меруерт Камалиденова, Зарина Нұрғалиева, Әмина Қайырбекова — 5 ұпайдан
  • Бибісара Асаубаева — 4,5 ұпай
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары