Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан кубогында сенсация тіркелді

Сарапшы, спорт журналисі

Әйелдер арасында Өскеменде өтіп жатқан Қазақстан кубогының финалистері белгілі болды. Жартылай финал ойындары күтпеген нәтижемен аяқталып, турнирде нағыз сенсация болды. 

Волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан кубогында сенсация тіркелді
instagram/@vcquanysh

«Жетісу» күтпеген жерден жеңілді

Алғашқы жартылай финалда Қазақстанның қазіргі чемпионы әрі кубоктың иегері «Жетісу» командасы «Қуанышқа» жол берді. Тартысқа толы кездесу бес партияға созылып, есеп 28:26, 23:25, 23:25, 26:16, 10:15 болып аяқталды.

Бұл нәтиже турнирдегі ең үлкен тосынсыйлардың бірі ретінде бағалануда.

«Тұран» финал жолдамасын алды

Екінші жартылай финалда финалға шығу жолдамасын «Тұран» жеңіп алды. Олар Қазақстан чемпионатында екі мәрте күміс жүлде алған Шығыс Қазақстан облысының өкілі «Берел» командасын 25:20, 25:22, 18:25, 25:14 есебімен тоқтатты.

Финал мен қола жүлде ойыны қашан?

Бүгін шешуші матчта «Қуаныш» пен «Тұран» Қазақстан кубогының алтын жүлдесін сарапқа салады.
Ал «Жетісу» мен «Берел» командалары үшінші орын үшін алаңға шығады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір