ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Футзалдан Қазақстан кубогының финалы ірі есеппен аяқталды

Таразда футзалдан Қазақстан кубогының финалында «Семей» мен «Ақтөбе» командалары бақ сынасты. 

«Семей» финалда басым болды

Финал қорытындысында «Семей» қарсыласын 5:2 есебімен ұтып, турнирдің бас жүлдесін иеленді.

Ойынның 5-минутында Дедезиньо есеп ашса, 13-минутта бразилиялық легионер тағы бір гол соқты. Бірінші тайм аяқталар тұста «Семей» қысқа уақыт ішінде екі рет мергендік танытты. 20-минутта Габриэль Кандидо көзге түссе, артынша Лео Игита да қарсылас қақпасынан саңылау тапты.

Екінші таймда «Семей» шабуылын бәсеңдетпей, 24-минутта бесінші голын соқты. Бұл жолы Марсело Аугусто дос Сантос нәтижелі соққы жасады.

«Ақтөбе» екі голмен жауап берді

«Ақтөбе» тек 33-минутта есеп айырмасын қысқартты. Егор Нулет гол авторы атанды. Ал 35-минутта Қайрат Иманалин пенальтиді сәтті орындады. 

Осылайша, финалда ірі есеппен жеңіске жеткен «Семей» Қазақстан кубогын жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.