Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Волейболдан Қазақстан кубогының жеңімпазы анықталды

Өскеменде волейболдан әйелдер арасында 2025 жылғы маусымның Қазақстан кубогының финалдық кезеңі мәресіне жетті. 

Волейболдан Қазақстан кубогының жеңімпазы анықталды
Instagram/@volleyfederationkz

Финалда «Тұран» мен «Қуаныш» жолықты

Шешуші ойында «Қуаныш» пен «Тұран» командалары кездесті. Тартысқа толы финал бес партияға созылып, түркістандық клубтың пайдасына аяқталды: 23:25, 25:19, 21:25, 28:26, 15:9.

Осы нәтижеден кейін «Тұран» ВК әйелдер волейболынан Қазақстан кубогының жаңа иегері атанды.

Қола жүлде үшін матч

Үшінші орын үшін ойында талдықорғандық «Жетісу» ШҚО өкілі «Берел» командасымен кездеседі.

5-орын «Ақтөбеге» бұйырды

Бесінші орын үшін өткен матчта «Ақтөбе» «Қарағандыны» бес партияда ұтты: 22:25, 27:25, 24:26, 25:15, 17:15.

Бұл туралы не ойлайсыз?