Қысқы Олимпиада Милан қаласында өтеді.
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаевтың айтуынша, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 35 спортшы қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлады.
Ең көп спортшы Ақмола облысынан, Астана қаласынан, Шығыс Қазақстан облысынан және Алматы қаласынан тіркелген. Аймақтар бойынша:
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Абай облысынан бір-бір спортшыдан бар.
"Қысқы Олимпиада ойындарына сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы жалпы қаржыландыру көлемі 13,2 млрд теңгені құрады. Оның ішінде федерациялар қаражаты — 585,0 млн теңге, республикалық бюджеттен — 5,3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен — 6,2 млрд теңге, сондай-ақ Туризм және спорт индустриясын қолдау қорынан — 812,5 млн теңге бөлінді", — деді Нұрлан Есембаев.