Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Қайрат» екі көшбасшысымен келісімді ұзарта алмады

Сарапшы, спорт журналисі
01.01.2026, 20:35

Алматылық «Қайрат» футзал клубы негізгі ойыншыларының бірі саналатын Біржан Оразов пен Дәурен Тұрсағұловпен келісімшартты ұзарту бойынша ортақ мәмілеге келе алмады. 

Instagram/@futsalkazakhstan
Реклама
Реклама

Не болды?

Futsal Kazakhstan мәліметінше, 2026 жыл күтпеген жаңалықпен басталған. Оразов пен Тұрсағұлов «Қайратпен» жаңа келісімге қол қоймаған. Қазіргі келісімшарттары 2025/26 маусымының соңына дейін күшінде болғанымен тараптар жаңа шарттар бойынша келісімге келе алмаған.

Ойыншылардың ұстанымы қандай?

Ақпаратқа сай, қос футзалшы да Алматыда қалуға қарсы емес, алайда жақсартылған шарттарды талап етеді. Яғни мәселе – клубтан кету ниетінде емес, келісімшарт талаптарының көңілден шықпауында.

Дереккөздің жазуынша, ойыншыларға Ресейден екі команда қызығушылық білдіріп отыр. Сонымен қатар жаз мезгілінде «Семей» клубының Тұрсағұловты қатарға қосуды құптайтыны туралы ақпарат тараған.

«Қайраттағы» тәжірибесі

Біржан Оразов «Қайрат» сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді.

Дәурен Тұрсағұлов алматылық клубқа 2018 жылы қосылған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары