Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте қай орынға жайғасты?

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) жариялаған жаңартылған рейтингідегі орны белгілі болды.

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте қай орынға жайғасты?
Бибісара Асаубаева. Фото: ашық дереккөзден

Қаңтар айына арналған FIDE рейтингінде Бибісара Асаубаева 2497 рейтингтік ұпай жинап, әлемнің үздік шахматшылары арасында 11-орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш оның халықаралық аренадағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Әлемдік рейтингтің көшін 2613 ұпаймен қытайлық атақты шахматшы Хоу Ифань бастап тұр. Үздік үштікке сондай-ақ Қытай елінің өкілдері — Чжу Цзиньэр (2579 ұпай) мен Лэй Тинцзе (2569 ұпай) кірді. Осылайша, қазіргі таңда әйелдер шахматында қытайлық спортшылар айқын басымдыққа ие болып отыр.

Айта кетейік, желтоқсан айының соңында Бибісара Асаубаева өз мансабында үшінші рет блиц шахматтан әлем чемпионы атанып, тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұл зор жетістігі үшін ол Қазақстан Республикасының II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір