Реклама
Реклама

Допинг дауына іліккен зілтемірші жоғары лауазымға тағайындалды

Сарапшы, спорт журналисі
12.01.2026, 15:46

Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев осындай шешім қабылдады. 

Vesti.kz

Допинг үшін дисквалификация алған зілтемірші Алмас Өтешов Қызылорда облыстық ауыр атлетика құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды. Аймақтың дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев осындай шешім қабылдады. 

Алмас Өтешов спорттық мансабында бірқатар жетістікке жеткен:

  • Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері
  • Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері
  • Азия ойындарының күміс жүлдегері
  • Азия чемпионатының алтын жүлдегері

Допинг жанжалы

Сонымен қатар, Алмас Өтешов 2015 жылы допинг қолданғаны үшін спорттан шеттетілгені көпшілікке белгілі. Бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде ол қазақстандық спорттағы жемқорлық мәселесін ашық айтып, кейбір спортшылардың салмақ қосу үшін пропионат, тестостерон, станозолол секілді гормоналды препараттарды қолданғанын мәлімдеген.

Өтешов сондай-ақ алкогольге тәуелділігі болғанын да жасырмады. Кейінірек қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин әлеуметтік желіде Алмас Өтешовтің реабилитациялық орталықта ем қабылдап жатқан видеосын жариялаған болатын.

Оқи отырыңыздар: 

ММА аңызының денсаулығы қыл үстінде

Рудныйда футзал матчынан кейін жаппай төбелес болды

Ольга Рыпакова Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметінен кетті

Реклама
Реклама