ММА аңызының денсаулығы қыл үстінде

Сарапшы, спорт журналисі

Ресейлік ММА жекпе-жек шебері Александр Емельяненко омыртқа жарақатын емдеуге шамамен 1 миллион доллар керектігін мәлімдеді. 

ММА аңызының денсаулығы қыл үстінде
ria.ru

Емдеу курсы неше тұрады?

Емельяненконың айтуынша, дәрігер оған арнайы инъекциялар курсын жазып берген.

Бес инъекцияның бағасы — 250 мың доллар. Толық курс құны — шамамен 1 млн доллар. 

Спортшы бұл дәрілердің Кореядан тапсырыспен алдырылатынын атап өтті.

Ол сұхбат барысында қазіргі басты мақсаты — арқасын (омыртқасын) емдеп, спорттық қалыпқа келу екенін жеткізген.

Дәрігер қандай диагноз қойды?

Спортшының сөзінше, ол дәрігерге Роман Ротенбергтің кеңесімен барған. Тексеру қорытындысында дәрігер омыртқа сынуы және оның жұлын жүйкесіне қарай ығысуы бар екенін айтқан.

Емельяненко күнделікті тұрмыста үй ішінде балдақсыз жүре алатынын, бірақ ұзақ қашықтыққа жүруге қауқары жоқ екенін де жасырмады.

ММА-дегі көрсеткіші және соңғы операциясы

44 жастағы файтер кәсіби мансабында 39 ММА жекпе-жегін өткізген:

  • 29 жеңіс
  • 9 жеңіліс
  • 1 тең нәтиже

Сондай-ақ, 2025 жылдың наурызында Александр Емельяненко омыртқааралық диск жарығына байланысты операция жасап, жарықты алып тастады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір