"Қайрат" тағы бір ойыншымен қоштасты

Жекпе-жек шолушысы
09.07.2026, 21:27

Португалиялық шабуылшы Угу Невеш алматылық "Қайрат" футзал клубынан ресми түрде кетті.

instagram.com/neves__17/

“Қайрат” алғыс айтты

Алматылық клуб португалиялық футзалшыға команда сапындағы еңбегі үшін алғыс білдірді. “Қайраттың” мәліметінше, Невеш қысқа уақыт ішінде клубтың нәтижесіне елеулі үлес қосып, жанкүйерлердің ықыласына бөленген.

“Рахмет, Угу Невеш! Жарты жыл ішінде “Қайрат” сапында команданың жетістіктеріне үлкен үлес қосып, жарқын ойынымен жанкүйерлердің құрметіне ие болды”, – делінген клуб хабарламасында.

Чемпионатта 23 гол соқты

Угу Невеш “Қайрат” сапында Қазақстан чемпионатында 22 матч өткізді. Осы кездесулерде 23 гол соғып, команданың шабуыл шебіндегі маңызды ойыншыларының біріне айналды.

Сонымен қатар УЕФА Чемпиондар лигасы матчтарында да нәтижелі ойынымен көзге түсті. Португалиялық ойыншы еурокубокта бір гол соққан.

“Қайратқа” қашан келді?

Угу Невеш алматылық клубқа 2026 жылдың қаңтар айында қосылған. “Қайратқа” Португалияның “Брага” клубынан маусым соңына дейін жалға берілген.

Қазақстанға келгеннен кейін Невеш бірден жоғары нәтижелілік көрсетті. Алғашқы жеті ойында 15 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.

Угу Невеш – Португалия құрамасының футзалшысы. Ұлттық құрама сапында 29 матч өткізген.

Қазақстанға ауысқанға дейін ұзақ уақыт Лиссабонның “Спортинг” клубында өнер көрсетті. Сол командамен бірге Чемпиондар лигасын жеңіп, Португалия чемпионатында үш мәрте топ жарды. Сонымен қатар ел кубогы мен Суперкубогын иеленген.

Реклама
Реклама