Қазақстандық зілтемірші әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Отандасымыз қоссайыста 304 келіні еңсерді.
Қазақстандық ауыр атлет Ернұр Мырзахмет Колумбияның Кали қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жүлделі орынға ілікті. Отандасымыз 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік үштікке енді.
Ернұр Мырзахмет 304 келі көтерді
Жарыс қорытындысы бойынша Ернұр Мырзахмет қоссайыста 304 келі нәтижесін көрсетті.
Қазақстандық спортшы жұлқа көтеруде 142 келіні, ал серпе көтеруде 162 келіні бағындырды.
"Алтын" мен "күміс" кімге бұйырды?
Бұл салмақта алтын медальді Египет спортшысы Мұхамед Абдельради жеңіп алды. Ол қоссайыс қорытындысында 318 келі көтерді. Оның нәтижесі: жұлқа көтеру — 143 келі, серпе көтеру — 175 келі.
Күміс жүлде Ливия өкілі Абдулрауф Халифаға бұйырды. Ол 305 келі нәтижемен екінші орын алды. Халифа жұлқа көтеруде 137 келіні, серпе көтеруде 168 келіні тіркеді.