Павлодардағы бес бәйге: Қазақстан чемпионатының төртінші кезеңінде кімдер жеңіске жетті?

Бас редактор

Павлодардағы "Ертіс-Павлодар" ипподромында OLIMPBET 2026 Қазақстан чемпионатының кезекті кезеңі өтті. Жеңімпаздар 8, 14 және 20 шақырым қашықтықтағы бес бәйге бойынша анықталды.

Павлодардағы бес бәйге: Қазақстан чемпионатының төртінші кезеңінде кімдер жеңіске жетті?
olimpbet.kz

Павлодар кезеңінің басты ерекшеліктерінің бірі – биылғы маусымда алғаш рет жарыстардың кешкі уақытта өткізілуі. Бұл әрі тұлпарларға, әрі шабандоздарға қолайлы жағдай жасады.

8 шақырымдық құнан бәйгеде Ержан Сабыр тізгіндеген Секрет бірінші болып мәре сызығын кесті. Екінші орынды Ерсұлтан Күмісбек мінген Моншақ, ал үшінші орынды Әмір Сералы тізгіндеген Тұз иеленді.

Фото: olimpbet.kz

Ең көп қатысушы жиналған жарыс – 14 шақырымдық топ бәйге болды. Бұл сында 31 сәйгүлік бақ сынады. Бірінші болып Әмір Сералы мінген Самғау келді. Екінші орынды Мерей Гарипуллин тізгіндеген Ғұн, үшінші орынды Әмір Серік басқарған Оқжетпес иеленді.

Фото: olimpbet.kz

Қазақстанда туған жылқылар арасындағы 8 шақырымдық құнан бәйгеде Дамир Ілесбек мінген Дайра жеңіске жетті. Екінші орын Нұрсұлтан Анвархан тізгіндеген Айтуарға, үшінші орын Нұрасыл Танат басқарған Ақмоншаққа бұйырды.

Фото: olimpbet.kz

Қазақстанда туған жылқылар арасындағы 20 шақырымдық аламан бәйгеде 16 сәйгүлік жарыс жолына шықты. Жеңісті Амангелді Хамза тізгіндеген Ай батыр тойлады. Екінші болып Алмат Ибрагимұлы мінген Стерлок Алекс, үшінші болып Дамир Ілесбек тізгіндеген Жұмбақ келді.

Фото: olimpbet.kz

Күннің қорытынды жарысы – 20 шақырымдық жалпы аламан бәйге болды. Бұл сында 22 тұлпар бақ сынады. Бас жүлдені Мерей Гарипуллин мінген Шалкиіз жеңіп алды. Екінші орынды Дамир Ілесбек тізгіндеген МММ Торы, үшінші орынды Шәкәрім Тәжі басқарған Кейіпкер иеленді.

OLIMPBET 2026 Қазақстан чемпионаты алдағы іріктеу кезеңдерімен жалғасады. Маусым қорытындысы бойынша үздік шабандоздар мен сәйгүліктер гранд-финалда бақ сынайды.