ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

"Қайрат" Ромулоның командадан кеткенін ресми хабарлады

Алматылық "Қайрат" футзал клубы бразилиялық қорғаушы Ромуломен қоштасты.

"Қайрат" Ромулоның командадан кеткенін ресми хабарлады
instagram.com/afckairat/

“Қайраттан” кетті

Клуб хабарламасында Ромулоның бір маусым бойы алматылық ұжымның намысын абыроймен қорғағаны айтылды. Ол осы кезеңде “Қайратпен” бірге Қазақстан чемпионы атанып, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.

Ромуло “Қайратқа” 2025 жылдың 12 тамызында бразилиялық “Форталеза” клубынан ауысып келген. Алматылық команда сапында 2025/2026 жылғы маусымды толық өткізді.

Осы уақыт ішінде бразилиялық қорғаушы барлық ресми турнирлерде 29 матчқа қатысып, 12 гол соқты. Қазақстан чемпионатында, ел Суперкубогында және футзалдан Чемпиондар лигасында алаңға шықты.

“Қайрат” үшін сәтті маусым

“Қайрат” үшін өткен маусым табысты болды. Алматылық клуб Қазақстан чемпионатының финалдық сериясында “Семеймен” тартысты бәсеке өткізді.

Шешуші бесінші матчта “Қайрат” қосымша уақытта жеңіске жетіп, серияны 3:2 есебімен өз пайдасына аяқтады. Осылайша алматылықтар ел чемпионы атанды.

Бұған қоса команда Қазақстан Суперкубогын да жеңіп алды.

Еуропалық аренада «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінен сүрінбей өтіп, элиталық раундқа жолдама алды. Бірақ келесі кезеңде испаниялық “Картахенаға” жол беріп, турнирдегі жорығын осы сатыда аяқтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.