Қазақстандық ватерполшылар әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті

Спорт шолушысы
05.08.2026, 11:05

Ұлттық құрама Хорватиядағы әлем чемпионатында Сингапурды жеңді.

World Aquatics

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Загребте су добынан әлем чемпионатындағы екінші матчын сәтті өткізді.

Сингапур құрамасымен кездесуде матчтың негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясында белгілі болды. Бұл сында қазақстандық спортшылар дәлдік танытып, 16:15 есебімен басым түсті. Кездесу қорытындысы бойынша Ернар Тілекқабыл матчтың үздік ойыншысы атанды.

Алда - Уругваймен ойын

Қазақстандық ойыншылар әлем чемпионатындағы алғашқы матчта Мысыр құрамасына 9:14 есебімен жол берген болатын. Бүгін, 5 тамызда, ұлттық құрама спортшылары кезекті ойынын Уругвай өкілдеріне қарсы өткізеді.

Жасөспірімдер арасындағы су добынан әлем чемпионаты 3-9 тамыз аралығында Хорватия астанасы Загребте өтіп жатыр.

Реклама
Реклама