"Қайрат" Бразилияның екі дүркін чемпионын қатарға қоспақ

Бокс шолушысы
Бүгін, 19:47

Алматылық "Қайрат" футзал клубы бразилиялық қақпашы Бруно Томаселлимен келісімшарт жасауға жақын.

instagram/@brunotomaselli_33

Томаселли "Қайратқа" ауысуа ма? 

Алматылық клуб Бразилияның "Атлетико Пиауиенсе" командасында ойнаған Бруно Томаселлиді өз қатарына қосуға ниетті.

Бразилиялық клуб қақпашының командадан кеткенін ресми түрде хабарлады. Мәлімдемеде Томаселлидің шетелдік клубтан ұсыныс алғаны және келісімшартын мерзімінен бұрын бұзуды өзі сұрағаны айтылған.

Бруно Томаселли "Атлетико Пиауиенсе" сапында 20 матч өткізіп, бір голдың авторы атанды.

Қақпашы командасымен бірге 2026 жылы екі жүлдені жеңіп алды:

  • Метрополитано чемпионаты;
  • Чемпиондар кубогы.

Осылайша "Қайраттың" ықтимал жаңа ойыншысы өткен маусымда Бразилиядағы екі турнирде чемпион атанды.

Финалда Қазақстанға таныс ойыншының командасын жеңді

Томаселлидің клубы екі финалындың бірінде "Трайпу" командасынан басым түсті.

Бұл ұжымның сапында "Семей" футзал клубының экс-ойыншысы Дави Мендонса өнер көрсетеді. 

Бруно Томаселли мансабында бірнеше бразилиялық команданың намысын қорғаған.

Ол бұған дейін:

  • "Жарагуа";
  • "Сан-Франсиско";
  • "Жоасаба";
  • "Фос Катаратас" клубтарында өнер көрсетті.

Әзірге алматылық клуб Бруно Томаселлидің ауысуына қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Реклама
Реклама