Бибісара Асаубаева көшбасшылығын сақтап қалды

Спорт шолушысы

Қазақстандық шахматшы 2026/2027 жылғы маусымдағы FIDE Women’s Circuit жалпы есебінде бірінші орнын сақтап қалды.

Бибісара Асаубаева көшбасшылығын сақтап қалды
Instagram/@bibisarachess

Әлемдік рейтингте бірінші орында

Асаубаева 4 тамыздағы жағдай бойынша FIDE Women’s Circuit рейтингінде 51,30 ұпаймен көш бастап тұр.

Екінші орынға 39,83 ұпай жинаған қытайлық Чжу Цзиньэр жайғасқан. Үздік үштікті үндістандық Вайшали Рамешбабу түйіндеді. Оның еншісінде 29,70 ұпай бар.

Қазақстандық шахматшы аталған рейтингтің бірінші сатысына биыл 8 маусымда көтерілген.

FIDE Women’s Circuit рейтингінің үздік ондығы

2026/2027 жылғы маусымның қазіргі көшбасшылары:

  1. Бибісара Асаубаева (Қазақстан) — 51,30 ұпай;
  2. Чжу Цзиньэр (Қытай) — 39,83;
  3. Вайшали Рамешбабу (Үндістан) — 29,70;
  4. Харика Дронавалли (Үндістан) — 20,55;
  5. Анастасия Гнатышин (Украина) — 18,97;
  6. Александра Горячкина (FIDE) — 16,88;
  7. Үлвия Фаталиева (Әзербайжан) — 15,37;
  8. Афруза Хамдамова (Өзбекстан) — 14,79;
  9. Элине Роберс (Нидерланд) — 13,89;
  10. Нино Бациашвили (Грузия) — 13,86.

Рейтинг жеңімпазы Үміткерлер турниріне жолдама алады

FIDE Women’s Circuit маусымының қорытындысы бойынша жалпы есепте бірінші орын алған шахматшы Үміткерлер турниріне тікелей жолдама иеленеді.

Бұл жарыс әйелдер арасындағы әлем чемпионаты циклінің басты іріктеу кезеңі саналады. Турнирге әлемнің сегіз үздік шахматшысы қатысып, әлем чемпионы атағы үшін матч өткізу құқығына таласады.

Жарыс жеңімпазы кейін қолданыстағы әлем чемпионына қарсы шахмат тәжіне таласатын ресми үміткер атанады.