Абдукодир Хусановтың отбасында қайғылы жағдай болды

Жекпе-жек шолушысы
Бүгін, 19:00

Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусановтың атасы өмірден өтті.

vesti.kz

“Бунёдкор” көңіл айтты

Қайғылы жағдай туралы “Бунёдкор” клубының баспасөз қызметі хабарлады. Марқұм Хусан Хошимов – клубтың U-19 командасының бас бапкері Хикмат Хошимовтың әкесі әрі Абдукодир Хусановтың атасы.

Клуб өкілдері марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

“Хикмат Хошимовтың әкесінің дүниеден өтуіне байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Марқұмның жатқан жері жайлы болсын”, – делінген клуб хабарламасында.

Абдукодир атасының фамилиясын алып жүр

Абдукодирдің тегі де атасы Хусанның есімімен байланысты. Футболшының әкесі Хикмат Хошимов кәсіби мансабын 1990-жылдардың ортасында Ташкенттің МХСК клубында бастаған. Кейін “Согдиана”, “Локомотив”, “Әндіжан” және Өзбекстанның өзге де командаларында өнер көрсетті.

22 жастағы Абдукодир Хусанов қазір “Манчестер Сити” клубында 45-нөмірмен ойнайды. Ол Англия Премьер-лигасында өнер көрсеткен алғашқы өзбекстандық футболшы атанды. Қорғаушы “қалалықтар” сапына 2025 жылдың қаңтарында қосылып, кейін негізгі құрамнан орын алды.

Реклама
Реклама