Жарнама
Жарнама

Penalty.kz жаңарды: Жанкүйерлер үшін жаңа мүмкіндіктер қосылды

Penalty.kz сайты жаңартылған дизайнмен жұмыс істей бастады. Жаңартылған нұсқада клубтар мен футболшылардың жеке беттері мен матч есебі секілді жаңа мүмкіндіктер пайда болды.

Penalty.kz жаңарды: Жанкүйерлер үшін жаңа мүмкіндіктер қосылды
penalty.kz

Бұдан былай Penalty.kz сайтында ҚПЛ-дегі әр ойынның жеке парақшасы бар. Онда матчқа қатысты негізгі ақпарат толық көрсетіледі.

Яғни командалардың құрамы алаңдағы тактикалық сызба арқылы беріледі. Оқырман қай футболшының қай позицияда тұрғанын бірден көре алады. Сонымен қатар матч оқиғалары да көрсетіледі. Голдар, нәтижелі пастар, алмасулар, сары және қызыл қағаздар белгіленеді.

Клубтардың жеке парақшалары пайда болды

Penalty.kz жаңартылған нұсқасында әр клубтың жеке парақшасы бар.

Онда толық құрам, ойын күнтізбесі, нәтижелер, турнирлік кестедегі орны және сол команда туралы соңғы жаңалықтар жинақталады.

Бұл оқырманға сүйікті клубы туралы ақпаратты бір жерден көруге мүмкіндік береді.

Футболшылар туралы толық статистика

Әр футболшының жеке парақшасы да іске қосылды.

Ойыншы бетінде оның маусым бойынша жалпы көрсеткіштері беріледі: өткізген матч саны, 

  • алаңда ойнаған уақыты, 
  • голдары, 
  • нәтижелі пастары.

Penalty.kz жаңартылған нұсқасында клуб атаулары, стадиондар, төрешілер мен футболшылардың есімдері тек қазақ тілінде көрсетіледі.

Жарнама
Жарнама