Қазақстандық таеквондошылар халықаралық турнирде үш медаль иеленді
Қазақстанның юниорлар құрамасы Ресейде өткен Russian Open халықаралық таеквондо турнирінде бір күміс және екі қола медаль иеленді.
Мәскеу облысында юниорлар арасындағы таеквондодан Russian Open халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасының өкілдері аталған жарыста жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Қазақстан құрамасы үш медаль алды
Қазақстандық таеквондошылар турнир қорытындысы бойынша үш жүлде жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынына бір күміс және екі қола медаль түсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Любовь Юн сәтті өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды.
Нұрила Жарас та жүлдеге ілікті. Ол жарысты қола медальмен аяқтады.
Балгерім Өтеген де Қазақстан қоржынына қола жүлде салды.
Бұл туралы не ойлайсыз?