Жарнама
Жарнама

Астана тұрғындары Олимпиада чемпиондарымен бірге "10 000 қадам" жүріп өтті

11 тамыз күні Астанадағы Ботаникалық бақта Спорт апталығы басталды. 

Астана тұрғындары Олимпиада чемпиондарымен бірге "10 000 қадам" жүріп өтті
sportarena.kz

Астанада Спорт апталығы ерекше форматта басталды. Ботаникалық баққа жиналған жүздеген тұрғын Олимпиада чемпиондары мен халықаралық жарыстардың жүлдегерлерімен бірге таңғы серуенге қатысты.

"10 000 қадам" шарасына қазақстандық спорттың танымал өкілдері қатысты. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев, Дмитрий Баландин, Юрий Мельниченко, Олимпиада жүлдегерлері Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов және Ислам Байрамуков болды.

Сондай-ақ шараға Алмат Кебіспаев, Анна Алябьева, Ольга Тихонова және Денис Никиша қатысты.

Серуен барысында спортшылар тұрғындармен сөйлесіп, естелік суретке түсті. Ал мәреде барлық қатысушы мен чемпиондардың қатысуымен ортақ фотосессия ұйымдастырылды.

Министр спорттың күнделікті өмірге айналып келе жатқанын айтты

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Спорт апталығының дәл осындай ашық форматта басталуы символдық мәнге ие екенін атап өтті.

"Спорт қазақстандықтардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналып келеді. Осындай таңғы бастамалар — соның айқын дәлелі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен елде спорт саласында үлкен реформалар жүріп жатыр. Негізгі басымдық балалар және бұқаралық спортқа берілген. Біз әр бала қай жерде тұрса да, спортпен айналыса алатындай жағдай жасағымыз келеді. Біздің мақсатымыз қарапайым — спорт әр адамға қолжетімді болып, белсенді әрі салауатты өмір салты мүмкіндігінше көп қазақстандықтың әдетіне айналуы керек", — деді Ербол Мырзабосынов.

Ел бойынша 250-ден астам іс-шара өтеді

Спортшылар кеңесі ұйымдастырған ашық жаттығу мен "Олимпиадашылармен 10 000 қадам" акциясы Спорт күні қарсаңындағы апталыққа жол ашты.

Айта кетейік, Спорт күні Қазақстанда дәстүрлі түрде тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Жарнама
Жарнама