Жарнама
Жарнама

Әлемнің екі дүркін үздік жас ойыншысы Қазақстанда өнер көрсетеді

"Семей" футзал клубы құрамын Испания құрамасында өнер көрсеткен ойыншымен толықтырды.

Әлемнің екі дүркін үздік жас ойыншысы Қазақстанда өнер көрсетеді
instagram/@fernandiitoo14

Испаниялық футзалшымен келісім

Клуб 30 жастағы Антонио Фернандо Агилера Санчомен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады. Фернандо кәсіби мансабының басым бөлігін Испанияның атақты клубтарының бірі "Эль-Посо Мурсия" сапында өткізген. Команда намысын 2012 жылдан 2023 жылға дейін қорғады.

Кейін "Вальдепеньяс" клубына ауысып, ал 2025/26 жылғы маусымда "Малага" құрамында өнер көрсетті.

Испаниядағы жүлделер

Фернандоның мансабындағы негізгі жетістіктері "Эль-Посо Мурсиямен" байланысты. Ол осы клубпен бірге Испания Король кубогын екі рет жеңіп, сондай-ақ Испания Суперкубогының иегері атанған.

Футзалшы халықаралық деңгейде де тәжірибе жинақтаған. Фернандо Испания құрамасының сапында ойнады. Бұған дейін елінің U-18 және U-21 құрамаларында өнер көрсеткен. Испаниялық ойыншы жас кезінде жеке марапаттарымен де көзге түсті. Екі мәрте әлемнің үздік жас футзалшысы деп танылған.

Фернандо 2025/26 жылғы маусымда "Малага" сапында нәтижелі тйынымен ерекшеленді. 11 кездесуде 13 гол соққан.

"Семей" — Қазақстанның жетекші клубы

"Семей" үшін өткен маусым табысты өтті. Команда өз тарихында екінші рет Қазақстан кубогын жеңіп алып, ел футзалындағы көшбасшы клубтардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қазақстан чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. "Семей" финалдық серияда "Қайратпен" бес матч өткізіп, жалпы есепте 2:3 нәтижесімен есе жіберді.

Семейліктердің өткен маусымдағы ең маңызды халықаралық нәтижесі УЕФА Чемпиондар лигасындағы өнері болды.

Команда турнирдің элиталық кезеңіне дейін жетіп, Еуропаның үздік футзал ұжымдары арасында жоғары нәтиже көрсетті. Осы жетістіктің арқасында "Семей" УЕФА рейтингі бойынша Еуропаның ең мықты он клубтың қатарына енді.

Жарнама
Жарнама