ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 турнирінде жеңіске жетті.

Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде жеңіске жетті
instagram/bibisarachess

Жетінші турда Асаубаева грекиялық Ставрула Цолакидумен кездесті. Ақ фигурамен ойнаған қазақстандық гроссмейстер партияны өз пайдасына аяқтады.

Көшбасшыдан бір ұпайға артта қалды

Кезекті турдан кейін Бибісара Асаубаева 4,5 ұпай жинап, Элис Лимен екінші-үшінші орындарды бөлісіп тұр. Қазақстандық шахматшы көшбасшы Тань Чжунъиден бір ұпайға ғана қалып келеді. Турнирдің аяқталуына екі кезең қалды. Сондықтан Асаубаеваның чемпиондық атақ үшін күресуге мүмкіндігі жоғары.

Қазақстандық шахматшының алдағы кездесулері:

  • 18 тамыз, 8-тур: Тань Чжунъи - Бибісара Асаубаева;

  • 19 тамыз, 9-тур: Бибісара Асаубаева - Конеру Хампи.

Егер негізгі кезең қорытындысында көшбасшылардың ұпайы тең болса, 20 тамызда тай-брейк өткізіледі. Айта кетейік, Cairns Cup 2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 250 мың долларды құрайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.