Қазақстан құрамасы Азия кубогының келесі іріктеу кезеңіне өтті
Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы 2029 жылғы Азия кубогының бірінші іріктеу кезеңіндегі төртінші кездесуін жеңіспен аяқтады.
Алғашқы кезеңдегі басымдық
Қазақстан құрамасы Алматыда Шри-Ланка баскетболшыларынан айқын басым түсті. Кездесу 87:58 есебімен аяқталды.
Қазақстандық баскетболшылар кездесуді өте қарқынды бастап, бірінші ширекте қарсыласына мүмкіндік берген жоқ — 25:8
Екінші он минуттықта да паркет иелері ойынды толық бақылауда ұстап, 26:7 есебімен басым түсті. Нәтижесінде үлкен үзіліске дейін Қазақстан құрамасы айтарлықтай есеп айырмасын қалыптастырды.
Үшінші және төртінші кезеңдерде Шри-Ланка құрамасы қарқынын арттырғанымен, матчтың тағдырын өзгерте алмады. Қорытынды есеп — 87:58.
Іріктеудегі үшінші жеңіс
Қазақстан 2029 жылғы Азия кубогының бірінші іріктеу кезеңінде төрт кездесу өткізді. Ұлттық құрама алғашқы ойында Мальдив аралдарын 114:43 есебімен ойсырата жеңді. Одан кейін Палестина құрамасына 67:80 есебімен есе жіберді.
Үшінші кездесуде Қырғызстанды 88:67 есебімен ұтса, Шри-Ланкаға қарсы матчта үшінші жеңісін тіркеді.
Осы нәтиженің арқасында Қазақстан құрамасы 2029 жылғы баскетболдан Азия кубогының келесі іріктеу кезеңіне жолдама алды.
Азия кубогының финалдық кезеңі 2029 жылдың ақпан айында өтеді.