Қазақстандық велошабандоздар Азия кубогында топ жарды
Бангкокте велоспорттан өткен Азия кубогында Қазақстан құрамасының спортшылары жеңіс тұғырына көтерілді.
Жарыс ересектер мен жасөспірімдер арасында тректегі велоспорт бойынша ұйымдастырылды.
Ел қоржынына 11 медаль түсті
Қазақстандық юниорлар бәсекені 5 алтын, 3 күміс және 3 қола медальмен аяқтады. Құрамаға алғашқы алтын медальдарды Аружан Қабдулова әкелді. Ол жеке із кесу жарысында жеңімпаз атанып, кейін ұпай үшін жарыста да қарсыластарынан озып шықты.
Мансұр Бралин кейрин жарысында топ жарып, ел қоржынына тағы бір алтын салды. Командалық спринтте Зейнулла Азаматұлы, Илья Куварин және Мансұр Бралин үздік нәтиже көрсетіп, құрамаға кезекті чемпиондық атақты сыйлады.
Жеке спринтте де Илья Куварин қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль иеленді.
Юниорлар арасындағы жарыста қазақстандық велошабандоздар үш күміс және үш қола жүлдеге де қол жеткізді.
- Күміс медальдарды Аружан Қабдулова (скрэтч), Виталина Хоружая (ұпай жинау жарысы) және Зейнолла Азаматұлы (жеке із кесу) жеңіп алды.
- Ал қола жүлдеге Виталина Хоружая (скрэтч), Мансұр Бралин (жеке спринт) және Әлихан Жүнісов (скрэтч) ие болды.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.