ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Қазақстандық баскетболшылар Азия кубогы іріктеуінде Қырғызстанды сенімді жеңді

Қазақстанның ерлер құрамасы 2029 жылғы Азия кубогының бірінші іріктеу кезеңінде екінші жеңісіне жетті.

Қазақстандық баскетболшылар Азия кубогы іріктеуінде Қырғызстанды сенімді жеңді
instagram/@nbfkz

Жанкүйерлер алдындағы жеңіс

Александр Лысяк жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Алматыдағы іріктеу турнирінің үшінші матчында Қырғызстан баскетболшыларымен кездесті.

Паркет қожайындары ойынның алғашқы минуттарынан-ақ бастаманы өз қолына алып, қарсыласына есепті қысқартуға мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде қазақстандықтар 21 ұпай айырмасымен — 88:67 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы екінші турда Палестинаға күтпеген жерден 67:80 есебімен есе жіберген еді. Сондықтан Қырғызстанға қарсы матчта командаға өз жанкүйерлері алдында жеңіске жетіп, турнирлік жағдайын жақсарту маңызды болды.

Іріктеуді ірі жеңіспен бастаған

Ұлттық құрама Алматыдағы турнирдің алғашқы кездесуінде Мальдив аралдары командасын 114:43 есебімен ойсырата жеңген.

Осылайша Қазақстан үш матчтың екеуінде жеңіске жетіп, келесі кезеңге шығу мүмкіндігін сақтап қалды.

Алматыда баскетболдан 2029 жылғы Азия кубогының бірінші іріктеу кезеңіндегі матчтар 31 тамызға дейін жалғасады.

Жарыс ережесіне сәйкес топтағы үздік үш құрама қараша айының соңына жоспарланған екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.