ҚПЛ 27-тур
Жарнама
Жарнама
Азия ойындарына қауіп төнді: Нагояға тайфун жақындап келеді
olympic.uz

Азия ойындарына қауіп төнді: Нагояға тайфун жақындап келеді

Азия ойындарының ашылу салтанаты сенбіге жоспарлан. Бірақ футбол, баскетбол және волейбол секілді бірқатар спорт түрі бойынша жарыстар басталып кетті. 

Жапонияның Айти-Нагоя өңірінде өтетін XX Азия ойындарына қауіп төнді. Бұған тайфун себеп.

"Дуцзюань" тропикалық дауылы 21 қыркүйекте Жапония жағалауына жетуі мүмкін.
Қазір тропикалық дауыл Жапонияның Тынық мұхиты жағалауында орналасқан және елдің орталық бөлігіне, соның ішінде Нагоя қаласына қарай қозғалып келеді.

Циклондағы тұрақты желдің жылдамдығы 90 км/сағ, ал екпіні 126 км/сағ-қа дейін жетеді. Осыған байланысты ұйымдастырушылар жарыс кестесіне өзгеріс енгізу немесе кейбір бәсекелерді кейінге қалдыру сценарийлерін қарастырып жатыр.

Өңір бұған дейін де қолайсыз ауа райынан зардап шекті

Нагоя мен оған жақын аймақтарда өткен аптада нөсер жауды. Салдарынан мектептер уақытша жабылып, теміржол қатынасы тоқтатылды. Сондай-ақ бірнеше жүз спортшы тұрған орындарынан қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Жапония делегациясының басшысы әрі елдің Олимпиада комитеті атқару комитетінің мүшесі Косэй Иноуэ ауа райына байланысты кей жарыстардың уақыты өзгертілгенін мәлімдеді.

Кей жарыстар басталып кетті

Азия ойындарының ашылу салтанаты сенбіге жоспарланғанымен, футбол, баскетбол және волейбол секілді бірқатар спорт түрі бойынша жарыстар басталып үлгерді.

Жарнама
Жарнама