ҚПЛ
Жарнама
Жарнама
Олимпиада жүлдегері Азия ойындарындағы сәтсіздігін түсіндірді
olympic.kz

Олимпиада жүлдегері Азия ойындарындағы сәтсіздігін түсіндірді

Отандасымыз ат снарядында 11-орынды иеленді. Осылайша, қазақстандық гимнастшы жекелей сында финалға шыға алмады.

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы іріктеу кезеңінде финалға өте алмауының себебін айтты.

Қазақстандық гимнастшы өзінің негізгі жаттығуы саналатын ат снарядында комбинация орындау кезінде қателік жіберді.

"Бар ойым алтын медальда болды"

Құрбановтың айтуынша, ол жаттығу барысында бір элементті жеңілдетуге шешім қабылдаған. Комбинация жақсы өтіп жатқанымен, соңғы бөлігінде күтпеген қателік болған.

"Элементті сәл жеңілдетуді шештім. Бәрі жақсы болып келе жатқан, бірақ комбинацияның соңында күтпеген қателік жібердім. Босаңсып кеттім деп айта алмаймын. Бірақ бір сәтте бәрін орындап болдым деген ой келді. Содан кейін тегіс жерде тұрғандай жағдайда аттан құлап кете жаздадым", – деді Құрбанов.

Қазақстандық гимнаст сәтсіздікке жарақат немесе психологиялық қысым себеп болмағанын айтты.

"Ешқандай жарақат немесе басқа мәселе болған жоқ. Психологиялық тұрғыдан да бәрі жақсы еді. Тек сол сәтте элементті жеңілдетуді шештім, ақырында бұл шешім кері әсер етті", – деді ол.

Іріктеу кезеңінде Нариман Құрбанов 14.200 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған жалпы есепте 11-орын әкелді. Осылайша, қазақстандық гимнастшы жекелей сында финалға шыға алмады.

Командалық жарыста медальға мүмкіндік бар

Құрбановтың айтуынша, Қазақстан құрамасы командалық есепте жарысты жаман өткізбеген.

"Бүгін іріктеу болғанын ескерсек, команда жаман өнер көрсеткен жоқ. Енді сәрсенбіге үміт бар және командалық медаль үшін күресуге мүмкіндік сақталды", – деді гимнастшы.

Жарнама
Жарнама