Қазақстан ескек есу слаломында Азиада додасының екінші медалін жеңіп алды
Анастасия Ананьева Жапонияның Айти және Нагоя өңірлерінде өтіп жатқан Азия ойындарында ескек есу слаломынан қола жүлдегер атанды.
Үздік үштікке енді
Анастасия Ананьева әйелдер арасындағы жекелей каноэ жарысының финалында бақ сынады. Ол қашықтықты 127,32 секундта еңсеріп, үшінші орынға тұрақтады.
Алтын медаль қытайлық Хуан Цзюаньға бұйырды. Ол мәреге 114,84 секундта жетті. Таиландтық Атчарапорн Дуанглава 125,85 секунд нәтижесімен күміс жүлдені иеленді.
Финалдағы үздік үштік:
- Хуан Цзюань (Қытай) – 114,84 секунд;
- Атчарапорн Дуанглава (Таиланд) – 125,85 секунд;
- Анастасия Ананьева (Қазақстан) – 127,32 секунд.
Ескек есу слаломындағы екінші жүлде
Ананьеваның қоласы Қазақстан құрамасының Азиада-2026 додасында ескек есу слаломынан жеңіп алған екінші наградасы болды. Бұған дейін Александр Коробов та үшінші орын алып, ел қоржынына қола медаль салған.
Жарнама
Жарнама