Жарнама
Жарнама
Көркем гимнасшылар Азиаданың қола медалін жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы

Көркем гимнасшылар Азиаданың қола медалін жеңіп алды

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Айти–Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарының топтық көпсайысында қола жүлдеге ие болды. 

Қола жүлдені кімдер жеңіп алды?

Қазақстан құрамасының сапында бес гимнасшы өнер көрсетті:

  • Жасмин Жүнісбаева;
  • Аида Хәкімжанова;
  • Мәдина Мырзабай;
  • Айзере Нұрмағамбетова;
  • Кристина Чепульская.

Бес доппен орындалған жаттығуда қазақстандық гимнасшылар 25,450 ұпай жинады. Үш шеңбер және екі шоқпармен көрсеткен бағдарламасы үшін командаға 26,100 ұпай берілді. Қазақстан нәтижесінде 51,500 ұпай жинады. Бұл көрсеткіш ұлттық құрамаға үздік үштікке енуге мүмкіндік берді.

Қытай — чемпион, Жапония — екінші орында

Топтық көпсайыста Қытай құрамасы 55,300 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Жапониялыш гимнасшылар 52,500 ұпаймен күміс жүлдегер атанды. 

Айта кетейік, қазақстандық гимнасшылар бір күн бұрын өткен іріктеу кезеңінде бірінші орын алған.

Жарнама
Жарнама