Күрес түрлері федерациясы жыл үздіктерін марапаттады

Редактор Penalty.kz
26.12.2024, 18:58

Астанада ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы 2024 жылды қорытындылады.

Фото: Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы

“Жыл спортшысы” - Демеу Жадыраев (Олимпиада жүлдегері) 

“Үздік бапкер” - Қонысбек Тукенов (U-20 аға бапкері) 

“Жыл серпілісі” – Ризабек Айтмұхан (2024 жылы 2 алтын медаль иеленді)

“Үздік төреші” - Ксения Дробина (халықаралық дәрежедегі төреші) 

“Үздік аймақтық федерация” - Жамбыл облысы. 

Сонымен қатар биыл түрлі додаларда ел қоржынына медаль салған 64 жүлдегер ақшалай алды. Сыйақы бас жаттықтырушыларға, аға бапкерлерге, дәрігерлер және медицина қызметкерлеріне де бұйырды.