Қазақстандық спорт жұлдызы шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев үйлену тойын өткізді. 

Қазақстандық спорт жұлдызы шаңырақ көтерді (ВИДЕО)
gov.kz

Атбасарлық пауэрлифтердің үйлену кортежінің кадрлары әлеуметтік желілерде 2024 жылдың 26 желтоқсанында пайда болды. Жас жұбайлар неке сақиналарын көрсетіп мақтанды.

Жұлдызды спортшы өзінің жеке өмірін көпшілікке жарнамалаудан аулақ. Сондықтан оның жары кім екені беймәлім. Шамасы үйлену тойы жақында өткен. Қазақстандықтар жас жұбайларды құттықтап, оларға бақытты отбасылық өмір тіледі.

Давид Дегтярев Токио және Париж паралимпиада ойындарында екі алтын медаль алды. Осылайша параспорттан төртжылдықтың негізгі ойындарында екі рет жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір