Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

"Астана" велокомандасы қытайлық демеуші тауып атауын өзгертті

Редактор Penalty.kz
27.12.2024, 18:04

Команда қазақстандық болып қала береді.

"Астана" велокомандасы қытайлық демеуші тауып атауын өзгертті
astana-qazaqstan.com

Бюджетін Қазақстан Үкіметі мен бірнеше отандық компаниялар қалыптастыратын команданы XDS қытайлық велосипед өндіруші айтарлықтай толықтырады. Қазір елордалық клуб алдында әлемдік велоспорт элитасында қалу міндеті тұр, деп хабарлайды Cyclingnews.

Бірақ кейбір халықаралық сарапшылар XDS Astana Team қойылған мақсатты орындай алатынына күмәнмен қарайды. Қазақстандық команданы маусымаралық кезеңде болашағынан зор үміт күттіретін жаңа 13 велосипедші толықтырған. Еске сала кетсек, ProTeam тізіміндегі орынды сақтап қалу үшін біздің клуб UCI үш жылдық рейтингінің топ-18-не кіруі керек. Қазір XDSAstana Team 21-ші орында тұр. Елордалық ұжым  Uno-X Mobility (Норвегия), Arkéa — B&B Hotels (Франция) және Cofidis (Франция) сияқты мықты командалардан төмен рейтингте орналасты. Алдағы маусым барысында қазақстандық клуб 4000-нан астам рейтингтік ұпай жинауы қажет.

"Біздің мақсатымыз – 2025 жылы WorldTour лицензиясын сақтап қалу. Содан кейін біз зор жетістіктерге ұмтыла аламыз. Мүмкін сол кезде біз GC-ге бағытталған Grand Tour шабандозын қатарға қоса аламыз. UAE, Red Bull және басқа демеушілер суперкомандалармен бірге дамығысы келеді. Бұл оңай шаруа емес. Бәрі кезең-кезеңмен жүзеге асады", - деді XDS Astana Team бас менеджері Александр Винокуров Cyclingnews-ке берген сұхбатында.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір