Ұлттық Баскетбол Лигасында тарихи рекорд тіркелді (ВИДЕО)
"Голден Стэйт Уорриорз" командасының ширатушысы Стефен Карри ҰБЛ-да тарихи рекорд орнатты.
championat.com
36 жастағы Стефен Карри ҰБЛ тұрақты чемпионатында “Лос-Анджелес Лейкерске” қарсы 38 ұпай жинады. Оның 17-сін төртінші ширекте өз еншісіне жазды. Бұл рождестволық матчта төртінші ширекте жиналған ұпай бойынша рекордтық көрсеткіш саналады.
Дегенмен Карридің бұл жетісігі “Голден Стейтке” пайда әкелген жоқ. Ойынның соңғы тартысқа толы болды. Соңғы секундтарда Карри есепті теңестіргенімен қонақтар бір секунд қалғанда екі ұпай еншілеп кетті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet