Владимир Путин Ресейде жыл спортшысы деп танылды

Редактор Penalty.kz
29.12.2024, 13:05

Ресейдің спорт министрі және Ресей Олимпиада комитетінің төрағасы Михаил Дегтярев спортшы жылын анықтауға байланысты күтпеген мәлімдеме жасады.

© РИА Новости / Алексей Дружинин

«Владимир Владимирович Путин – біздің жыл спортшысы және бас бапкеріміз. Өйткені, спорт үшін ол сияқты ешкім жасаған жоқ. Және жасай алмайды, мен сенімдімін», – деп мәлімдеді Дегтярев «Россия 24» телеарнасының эфирінде.

Дегтярев сондай-ақ, Ресейдің олимпиадалық отбасыға қайта оралу жоспары бар екенін айтты. 2024 жылы ол Олимпиада комитеті басшылығына жалғыз үміткер ретінде ұсынылып, кейін сол қызметке сайланған болатын. 

Оның айтуынша, халықаралық спорт аренасындағы қазіргі қиындықтарға қарамастан, ұйымның автономиясы сақталатынына сендірді.

Бұл мәлімдеме ресейлік спорт әлеміндегі түрлі пікірлерді тудырды. Владимир Путиннің спорт саласына қосқан үлесін жоғары бағалай отырып, Михаил Дегтярев халықаралық спорттық оқиғаларға Ресейдің белсенді қатысуын қалпына келтіруді басты мақсат етіп отыр.