Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпан аралығында өтеді.
2025 жылдың 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX Қысқы Азия ойындарында ұлттық құрама киетін спорттық формасы таныстырылды.
Негізгі түстер – қою көк пен ашық көк. Дизайн мемлекеттік рәміздермен атап айтқанда, елтаңба және тумен толықтырылған.
Сонымен қатар форманың безендірілуінде QAZAQSTAN жазуы, 2025 жылғы IX Қысқы Азия ойындарының логотипі және Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің эмблемасы бар.
Форма жиынтығына жылы куртка, желден қорғайтын костюм, жилет, спорттық және жаттығу киімдері, футболка, шорты, бас киімдер, спорттық аяқ киім және әртүрлі аксессуарлар кіреді.
Айта кетейік, IX Қысқы Азия ойындарына 32 елден 1147 спортшы қатысады. Біздің елден 139 спортшы бақ сынайды. Жарыс бағдарламасы аясында 6 спорт түрі және 11 дисциплина бойынша 196 медаль жиынтығы сарапқа салынады.