Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Нью-Йоркте рапидтен өтіп жатқан әлем чемпионатында 4 рет жеңіске жетіп, 7 матчты тең аяқтады.
Отандасымыз 11 турда 7,5 ұпай еншіледі. Жалпы есепте 8-орынға табан тіреді.
Соңғы турда Асаубаева 17-ші әлем чемпионы қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен тең түсіп, оның Нью-Йоркте чемпион атану мүмкіндігінен айырды.
1. Хампи Конеру (Үндістан) — 8,5 ұпай
2. Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) — 8 ұпай
3. Екатерина Лагно (Ресей) — 8 ұпай.
Тағы бір қазақстандық Меруерт Қамалиденова 16-орыннан көрінді.
Ерлер арасында қазақстандықтардан Ринат Жұмабаев 62-ші көрсеткішке қол жеткізді.
Ал рапидтегі барлық жеңіс тұғырын ресейлік шахматшылар еншілеп кетті.
1. Володар Мурзин — 10 ұпай
2. Александр Грищук — 9,5 ұпай
3. Ян Непомнящий — 9,5 ұпай.
Әрі қарай шахматшылар Нью-Йоркте блицтен бәсеке көрігін қыздырады.
Айта кету керек, ашық турнирдің жүлде қоры $1 млн-ға тең. Жеңімпаздар $90 мыңнан қалтаға басады.