Иван Дычко WBA рейтингінен тыс қалды
02.01.2025, 18:28
Осыған дейін ауыр салмақ дәрежесіндегі WBA рейтингінде 14-орында тұрған Иван Дычко жаңартылған рейтингке енбеді. Бұған оның алған жарақаты себеп.
vesti.kz
Иван Дычко 27 желтоқсанда Алматыда өткен All Stars Boxing кешінде ресейлік Виталий Кудуховпен жұдырықтасуы керек еді. Бірақ ол спарринг барысында иығынан жарақат алып қалуына байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді.
Иван Дычко соңғы рет кәсіпқой рингке 21 тамызда АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Сити қаласында шықты. Бұл кездесуде қазақстандық боксшы америкалық Крейг Льюисті екінші раундта нокаутпен жеңді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама