Саратов қаласында ВТБ Бірыңғай лигасы аясында "Автодор" мен "Астана" кездесті.
Паркет иелері 106:64 (31:13, 26:16, 26:20, 23:15) есебімен елордалық баскетболшылардың тас-талқанын шығарды. Брайант Кроуфорд ("Автодор") 21 ұпаймен матчтың үздік сұрмергені атанды. Ал "Астана" сапында Асқар Майдекин 16 ұпай жинады.
Айта кету керек, бұл ойын "Астана" үшін ВТБ Бірыңғай лигасында қатарынан 24-ші жеңіліс болды. Биылғы маусымда қазақстандық клуб әлі жеңіске жетіп көрген емес.
"Астана" келесі ойынын Қазанда УНИКС-ке қарсы өткізеді.