АҚШ-та бортсерікпен сөзге келіп қалған Хабиб Нурмагомедов рейстен түсірілді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Хабиб Нурмагомедов бортсерікпен сөзге келіп қалғаны үшін рейстен түсірілді. 

АҚШ-та бортсерікпен сөзге келіп қалған Хабиб Нурмагомедов рейстен түсірілді (ВИДЕО)
gazeta.ru

Essentially Sports мәліметінше, American Airline әуе компаниясына тиесілі ұшақтың ұшар алдында бортсерік төтенше жағдайда шығатын орын маңайына жайғасқан Хабибтен басқа жерге ауысуын өтінген. Нурмагомедов бұдан бас тартып бортсерік әуе компаниясы қызметкерін шақыруға мәжбүр болған. Ал ол өз кезегінде ақырында спортшыны рейстен шығарып тынған.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода бортсерік қыз Нурмагомедовке апаттық жағдайда шығу есігі маңына отырғызуға рұқсат бере алмайтынын түсіндіріп, өзін тыңдамаған жағдайда рейстен шығаратынын айтады.

"Бұл әділетсіздік қой. Мен анда-мында ауысып жүре алмаймын", – деп жауап берді спортшы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір