IX қысқы Азия ойындарының билеттері сатыла бастады
Харбинде өтетін IX қысқы Азия ойындарының билеттері ресми сатылымға шыға бастады.
harbin2025.com сайтының хабарлауынша, билеттер 11 қаңтар күннен бастап tickets.harbin2025.com сайтында және HARBIN 2025 мобильді қосымшасында сатып алуға болады. Ең қымбат билет 800 юань (56 мың теңге), ал ең арзан билет 120 юань (8400 теңге) тұрады.
IX қысқы Азия ойындары 7-14 ақпан аралығында Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді. Спортшылар 12 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.