Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Депутат: Легионерлерден үнемделген қаржыны ауыл спортына бағыттау қажет

Редактор Penalty.kz
23.01.2025, 13:29

Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов мәлімдеді. 

фото ашық дереккөздерден алынды
Реклама
Реклама

Парламент қабырғасында қаралып жатқан дене шынықтыру және спорт жөніндегі заң жобасында шеттен келетін спортшылар мәселесіне ерекше мән берілген. Халық қалаулылары легионерлерге мемлекеттік бюджеттен бір теңге де бермеу туралы норманы енгізді. Жұмыс тобының өкілдері оны бірауыздан қолдады.

Заң күшіне енгеннен кейін қазына қаржысына шетелден спортшы мүлдем әкелінбейді. Оны тек шақырушы тарап өзінің ақшасымен не демеуші көмегімен жүзеге асыра алады.

“Бізге ұлтымыздың дені сау, мықты болғаны маңызды. Осы жағынан көңіл бөліп үнемделген қаражат болса спорттық базалар салуға, әсіресе ауылдық жерлерде бір мезгіл жастар жиналатын спорт залдар керек. 

Қазір ауылдарда спорт залдар жетіспеушілігі қатты сезіледі. Ел аралағанда халық саны 40 мыңға жететін ауылдардың өзінде спорт залдары жоқ”, – деп мәлімдеді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары