Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Парламент қабырғасында дене шынықтыру және спорт жөніндегі заң жобасы екінші оқылымға дайындалып жатыр.
Жұмыс тобының кезекті отырысында жаңа нормалар енгізілді. Соның бірі – спорт саласындағы ұйымдардың башыларына қатысты. Яғни ұзақ жылдар бойы бір орында тапжылмай отырып, саланың дамуын тежелеген директорлар енді белгілі бір мерзімнен кейін қызметін ауыстыруға міндетті болады. Бұл туралы 24.kz жазады.
Бұған қоса басшы таңдауда таныс-тамырлық пен жемқорлыққа жол бермеу тетіктері де қолға алынып жатыр.
Ең бірінші кезекте маманың біліктілі мен тәжірибесі ескерілуі керек. Бұрмалаушылыққа жол бергендер заң алында жауап береді. Бастама жұмыс тобының өкілдері тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Жақын арада күшіне енуі керек.
“Спорт мектебі, колледж, интернат сияқты ұйымдардың кейбір басшылары 10-20 жылдан астам уақыт отырып қалған. Енді қандай мықты болсаң да сенің санаулы уақыттан кейін ресурсың сарқылады. Сондықтан біз тиісті министрлікке уәкілет берейін деп жатырмыз заңның аясында.
Енді спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау мүмкіндігін беріп, оның талаптарын бекітетін боламыз. 20-30 жыл отырғандар орындарынан кетуі керек. Оларға 5 жыл деп ескертіп жатырмыз. Заңнамалық актімен өздері бекітіп алады”, – деді Парламент Мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиев.