Универсиада-2025: Қазақстан құрамасы шорт-тректен қола жүлде еншіледі

Сарапшы, спорт журналисі

Қазір Қазақстан қоржынында үш алтын, төрт күміс және алты қола медаль бар.

Универсиада-2025: Қазақстан құрамасы шорт-тректен қола жүлде еншіледі
NUR.KZ

Туриндегі қысқы студенттік ойындарда шорт-тректен аралас эстафетадан Қазақстан құрамасының спортшылары қоржынымызға тағы бір медаль салды.  Ел намысын қорғаған Алина Әжіғалиева, Валерий Клименко, Дінмұхамедалдияр Тәжібай, Малика Ермек, Яна Хан мәреге үшінші болып келіп, "қолаға" қол жеткізді. 

Жарыстың алтын медалін Оңтүстік Корея командасы алса, күміс қытайлық спортшылардың еншісінде.

Қазір Қазақстан қоржынында үш алтын, төрт күміс және алты қола медаль бар. Жалпы есепте еліміз 12-орында келеді. 

Айта кетейік, бүгін дәл осы спорт түрінен Қазақстанның ерлер құрамасы медальға таласады. Жарыс Астана уақытымен 19:30-да басталады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір