Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Мәжіліс депутаты: Миллиардтар алып үйренген спорттық клубтардың тәбетін тежеу керек

Редактор Penalty.kz
22.01.2025, 20:32

Нартай Сәрсенғалиев отандық спортты дамытуға бөлінетін қыруар қаржыға алаңдатушылық танытып, ашық есеп жүргізуді талап етті.

Мәжіліс депутаты: Миллиардтар алып үйренген спорттық клубтардың тәбетін тежеу керек
dknews.kz

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Қазақстан спортын сынға алды. Бұл туралы kaz.inform.kz жазады.

“Соңғы 6 жылда Қазақстанда спорт саласын қаржыландыруға шамамен 1,4 триллион теңге жұмсалды. Биыл және алдағы екі жылда бюджеттен тағы 1,3 триллион теңге бөлу жоспарланған. Басқасына бас қатырмаса да Қазақстан кәсіби спортқа ақша құюдан алдына қара салмай тұр, Орталық Азия елдерін озғаны аздай, Канада, Норвегия, Нидерланды да бізге жете алар емес. Бірақ әлемдік спорт рейтингінде Қазақстан 2014 жылы 25-орында болса, 2023 жылы 42-орынға түсіп қалды. Мұның басты бір себебі, спорт түрлерінің сараланбауы. Мәселен, жоғары жетістіктер спорты ретінде қаржыландырылатын бағыттардың 60%-ы Олимпиадалық емес. Бірақ олар бюджеттен ауқымды ақша алып келеді”, - деп Нартай Сәрсенғалиев Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады. 

Осы орайда халық қалаулысы Мәжілісте қаралып жатқан «Спорт туралы» заң жобасында аталған олқылықты тоқтату үшін нақты өзгерістер енгізілетінін айтты.

“Бюджеттің бүйірін теспей сорып үйренгендер ақпараттық шабуылға көшіп, мемлекет спортқа ақша бөлуді тоқтатып саланы тұралатып тастамақ деген жалған айыптаулар таратумен әлек. Біз тек жемсауды толтыруды білгенмен спортта іліп алар жетістігі жоқ салаларға бүгінге дейін бөлініп келген есепсіз ақшаның жолын кесуді мақсат тұттық. Мәселен соңғы 6 жылда 49 млрд теңге алған «Барыс» хоккей клубы, соңғы 6 жылда 50 млрд теңге алған «Астана» футбол клубы сынды командалардың әр тиын үшін есеп беретін күні тууы тиіс. Осынша ақша алғанына қарамастан аталған командалардың өз инфрақұрылымдары жоқ, салмаған. Бір ғана «Астана» футбол клубы алты жыл ішінде тек футбол алаңдары мен ғимараттарды жалға алуға 1,4 млрд теңге жұмсаған”, - дейді ол.

Оның айтуынша, кей спорттық ұжымдар жауапкершіліктен сытылу үшін қаржыны бюджеттен емес, квазимемлекеттік сектордан алдық деп ақталады.

“Спортқа бөлінетін қаражатты шектеу туралы шешімнің дұрыс екенін, ал бүгін байбалам салғандардың түпкі мүддесі не екенін анық аңғаруға болады. Осынша ақшаның біраз бөлігі легионерлерді ұстауға жұмсалатыны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. Мұны тоқтату үшін Мәжілісте Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын спортшыларды мемлекеттік бюджет есебінен де, квазимемлекеттік бюджет есебінен де қаржыландыруға тыйым салынады деген норма қабылданды. Миллиардтар алып үйренген клубтардың тәбетін тежеу керек. Шетелдік спортшыны әкелуден бөлек, оларға азаматтық беру ісі де елде белең алды. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан 126 шетелдік спортшыға азаматтық берген, бірақ олардың әрбір екіншісі кейін өз еліне қайтып кеткен. Бұл мәселені Мемлекет басшысы да қатаң сынға алды”, - деп толықтырды Н. Сәрсенғалиев.

Осы тұста, Мәжіліс депутаты Туризм және спорт министрлігі заң жобасына қатысты түсіндіру жұмыстарын көбейтуі қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ спорт федерацияларының ақпараттық жұмысқа қанша қаржы жұмсайтынын тексеру керектігін еске салды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын оқығың келе ме? Біздің Telegram арнамызға жазыл!
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір