Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Куба боксының аңызы Қарағандыда жұмыс істейді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:08

Әлемдік әуесқой бокс тарихындағы техникасы ең мықтылардың бірі саналатын Марио Кинделан Қазақстанға арнайы ат басын бұрды. Ол Қарағандыға Е.Бөкетов атындағы университет шақыруымен студенттерге дәріс оқып, жаттығу жүргізіп жатыр.

Куба боксының аңызы Қарағандыда жұмыс істейді
asere.com

Марио Кинделан Қазақстанға келді

Келісімшарт әзірге бір айға жасалған. Осы уақыт аралығында Кинделан мастер-класстар өткізеді. Конференцияларға қатысып, жас спортшылармен тәжірибе бөліседі. Болашақта Қазақстанда ұзақ қалу мүмкіндігі оқу орнының ұсынысы мен студенттердің қызығушылығына байланысты болмақ.

Марио Кинделан өз әсерін бөлісіп, қазақ халқының қонақжайлығын ерекше атап өтті:

«Маған мұнда болған ұнайды. Адамдар өте мейірімді әрі білімді. Мұнда Кубаны құрметтейді», — деді ол.

ФОТО: Индустриальная Караганда

Олимпиада чемпионы Қазақстандағы спортқа деген ықылас пен бокс ардагерлеріне көрсетілетін құрметтің жоғары екенін айтты. Әсіресе жастардың қызығушылығы мен академиялық ортадағы спорттық білім деңгейіне риза болғанын жеткізді.

Олимпиада жеңімпазы және әлемдік жұлдыз

Кинделанның спорттық жолы ерекше жетістіктерге толы:

  • Екі дүркін Олимпиада чемпионы;
  • Үш мәрте әлем чемпионы;
  • Әлемнің ірі турнирлерінде бірнеше мәрте жеңімпаз атанған.

Ол тарихтағы техникасы ең дамыған әуесқой боксшылардың бірі саналады.

Қазақстанмен тарихи байланыс

Кинделан үшін Қазақстан бөтен емес. Себебі мансабында алтын ала алмаған жарысы Астанадағы әлем кубогы болған. Сол турнирде ол қазақстандық Руслан Мусиновтан жеңіліп қалған. Бұл оқиға әлі күнге дейін жанкүйерлер жадында.

Енді аңыз боксшы Қазақстанға қайта оралып, жаттықтырушы әрі тәлімгер рөлінде еңбек етуде. Бұл қадам қазақстандық жас боксшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір