Жаңалықтар
Футбол ма, фан-зона ма? Әлемдік әншілердің шоуынан спортшыларымыз стадионсыз қалмай ма?
Алдағы 3 жыл ішінде Қазақстанда 10 әлемдік жұлдыздың концерті ұйымдастырылатыны туралы жуырда ақпар тарады.
Қазақ спорт комментаторы сынға ұшырады (ВИДЕО)
Әлеуметтік желілерде отандық спорт арнасының комментаторының кәсіби деңгейі сынға ұшырады.
Әлия Юсупованың ізбасары тағайындалды
Лола Әділбекова көркем гимнастикадан ұлттық құраманың жаңа бас бапкері атанды.
"Астана" командасының велошабандозы "Хайнань турында" жеңіске жетті
Қытайда дәстүрлі түрде өтетін "Хайнань туры" көпкүндік веложарысы басталды.
Басы дауға айналған "Ақтөбенің" бапкері қызметінен қуылды
Футзалдан Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін "Ақтөбе" клубының бас бапкері Виктор Тарчило командадан кететін болды. Бұған оның ойын алдындағы тәртіпсіз әрекеті себеп болды.
Михаил Шайдоров: "Алматыда толыққанды жаттығу жасауға жағдай жоқ"
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының бес дүркін жеңімпазы Алматыдағы спорттық инфрақұрылым мәселесін көтерді.
Қазақстанның үздік волейболшысы Сербияда сенсация жасады
Сербия чемпионатының плей-офф кезеңінде қазақ волейболының мақтанышы Сана Анарқұлова өнер көрсететін "Уб" командасы шулы жеңіске жетті. Алғашқы жартылай финалдық матчта олар ВК "Тент" клубымен сырт алаңда кездесіп, 3:2 (18:25, 25:10, 19:25, 25:21, 15:8) есебімен басым түсті.
Қазақстандық фристайлшы Еуропа кубогы кезеңінде топ жарды
Швейцарияның Айроло қаласында фристайл-акробатикадан өтіп жатқан Еуропа кубогының кезеңінде ерлер арасындағы жекелей сында бақ сынаған отандасымыз Дінмұхаммед Райымқұл бірінші орын алды.
Қазақстан футзал құрамасы ерекше жолдастық матчтар өткізеді
Қазақстан футзал құрамасы сәуір айында Вьетнам құрамасына қарсы екі жолдастық матч өткізеді. Бұл ойындар ерекше форматта, қарсыластың алаңында өтпек. Команданы бразилиялық маман Рикардо Кака бастап барады.
Қазақстандық мерген әлем кубогының қола жүлдегері атанды
Арина Алтухова Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өткен нысана көздеу бойынша әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды.
"Қайрат" бас бапкер мен ұлттық құрама үміткерінен айырыла ма? Клуб президенті жауап берді
АФК "Қайраттың" бас бапкері Марлон Веласко биылғы маусым аяқталғаннан кейін клубтан кетуі ықтимал. Испаниялық басылымдардың мәліметінше, ол өз еліне оралып, жергілікті командалардың бірін баптауға ниетті.
Қазақстан футзал құрамасы ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде екі сатыға төмендеді
Футзалдан Қазақстан құрамасы жаңартылған ФИФА рейтингінде 7-орынға түсті.
Қазақстан атынан ауыр атлетикадан Перудегі тарихи әлем чемпионатына кім қатысады?
Қазақстандық жеті зілтемірші 30 сәуір мен 5 мамыр аралығында Перу астанасы Лимада өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. Бұл турнир бірден екі жас санатында — жастар және юниорлар арасында өтпек.
Қазақстанның ең танымал букмекерлік компаниясы ретінде Olimpbet аталды
Metaratings Top Awards 2025 премиясында компания он номинацияның екеуінде жеңіске жетті.
Шавкат Рахмоновтың отбасында қуанышты жаңалық: Әпкесі Сора ана атанды (ФОТО)
Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың отбасы үлкен қуанышпен бөлісті. Оның әпкесі Сора Рахмонова алғашқы сәбиін дүниеге әкелді. Бұл жаңалықты жұбайы, Алматы облыстық мәслихатының депутаты әрі джиу-джитсудан спорт шебері Нұрсұлтан Орынбасаров Instagram парақшасында бөлісті.
Қазақстанның үздік волейболшы қызы Сербия чемпионатының жартылай финалына өтті
Сербия волейбол чемпионатының плей-офф кезеңінде Қазақстанның үздік волейболшысы Сана Анарқұлова өнер көрсететін "Уб" клубы ширек финалда "Стара Пазова" командасымен кездесті.
"Жарқ етіп сөнген 20 жас". Бекзат Саттарханов туралы жинақ жарық көрді
Даңқты боксшы, олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың туғанына 45 жыл толуына орай жинақ жарық көрді
Перизат Қайрат ісі бойынша тергеу аяқталды
Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенат кулуарында Перизат Қайрат ісі бойынша тергеу аяқталғанын мәлімдеді. Қылмыстық іс материалдары сотқа жолданады.
"Астана" 20 ұпай айырмасымен жеңілді (ВИДЕО)
"Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясында сырт алаңда Краснодар өлкесінің "Локомотив-Кубань" ұжымынан айқын жеңіліс тапты.
Қазақстандық қыздар үстел теннисінен Словениядағы ірі турнирде ширек финалға шықты
Словенияның Оточец қаласында өтіп жатқан WTT Feeder Otocec II халықаралық үстел теннисі турнирінде Зәуреш Ақашева мен Сарвиноз Міркәдірова жұбы жұтық сында ширек финалға дейін жетті.